Тіл тағдыры - ел тағдыры
Pazartesi, 08 Şubat 2010 15:26
Тіл – әрбір ұлттың намысы, оның қаны мен жаны, ұжданы мен ары, тыңдаушысының құлағына естіліп,
сыртқа шығатын кестелі ойдың үні, ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Тілдің көмегімен өнер - білімді, ғылымды игереміз, өткен тарихымызды саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды, әлемді танимыз. Сондықтан да адам баласының қастерлі байлығының бірі тіл екені даусыз. Тілдің маңызы туралы ойды Абай атамыз «Өнер алды – қызыл тіл » деп аталы сөзбен тұжырымдаған.Менің тілім шаңырақтың иесі
Менің тілім тіленші емес келімсек.
Менің тілім қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер,
Жер иесі менің тілім мәңгі жас!
(Ғұсман Мұхаметқалиев)
Әрбір елдің байлық – бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани талғамымен, халықтың ақыл – ойының көрінісі – тілімен тікелей байланысты.
Бір ұлттың қалыртасуы мен ұлт ретінде сақталуы оның тіліне байланысты.Себеі,тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, болмысы. Адамды асыл мұратына жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің халықтық қазынамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Қазақ тілі – шексіз бай, өте көркем тіл. Ол – дүние жүзіндегі ең оралымды да бейнелі тілдердің бірі.
ХХІ ғасыр – қазақ елінің әлемдік өркениетке ұмтылып, бағы жанған кезеңі. Тіліміздің қаймағын бұзбай, оны қадірлеп, қастерлеу – біздің басты парызымыз.
Қазақ тіліне жетпіс жылдан аса қысым жасалып келді. Тамыры тереңде жатқан туған тіліміз оған да төтеп берді. Сол бір алмағайып заманда ардақты азаматымыз Мағжан Жұмабаев:
Ерлік,елдік,бірлік,қайрат бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.
Алтын күннен белгісіз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың, – деп жырлаған.
Сан ғасырларды, қилы замандарды бастан өткерген тіліміздің қазіргі ахуалы қандай ?
Орыстану саясатында тіліміздің жағдайы тым нашарлап кеткені баршамызға мәлім.
Тілің жоқ болса, жұртты ұғып, өзіңе қарататын құдіретті сөз қайдан шығады.? Жүзің сұлу болғанымен, көзің соқыр болып, орны үңірейіп тұрса, сол адамда қандай жылы жүз бен келістті көрік болсын?!
Жан – жақты жалтақтамай, туған тілді жатырқамай, оны қолдану керек, көзіміздің қарашығындай қорғауымыз керек.
Бұл жерде шетел тілін үйренбе деген ойдан аулақпын. Өзге тілді білейік және өз тілімізді құрметтейік,замандастар!
Жолмахантегі Жұлдыз
Шымкент қазақ – түрік дарынды қыз балалар лицей - интернатының 10 Б сынып оқушысы
Шымкент қазақ – түрік дарынды қыз балалар лицей - интернатының 10 Б сынып оқушысы
