Четверг 09 Сентября

Ұстаз – ұлы тұлға

 Ұстаз . . . Ұғатын жанға бұл сөз әрқашан да биікте жарқырап тұра бермек.
    Ұстаз – өміріңе үлгі болар, болашаққа жол сілтер жан.
    Иә,  ұстаз жайлы өрнектелген оюдай көркем де, керемет сөздер жазуға болады.
Ұстаз туралы жазушы қаламымен сыр шеррті, суретші бояуымен сырласты. Ол туралы ақындар  қаншама өлең, сазгерлер  жүрек төрінен орын алатын ән де шығарды, әлі де шығарыла бермек, айтыла бермек.
Ұстаз дегенде  әрбір жанның ойына өмірлік өнеге алатын, жарқын жүзді, мейірім шапағатын төгетін  адам оралатыны сөзсіз.
    Мен де бүгін сіздерге алтын ұям -  лицейімнің асыл жандары туралы ой қозғамақпын.
Біздің лицейде барлығы жиырма алты мұғалім болса, оның әрбірі «сегіз қырлы, бір сырлы » екені мені қатты қуантады. Олардың ерекшелігі сонда,  ұстаздарымыз оқушыға білім, тәлім - тәрбие бергенде жан - тәнімен, сүйсіне істейді. Оларды өз мамандықтарының шебері десек қателеспейміз. Біздің ұстаздарымыз оқушыны білім нәрімен сусындатып, тәрбие көзін беріп, түрлі олимпиадаларға дайындуымен қатар, жас қарлығаштарының келешек өмірде қиналмай, қалықтап ұшуына ерекше еңбек етеді.
Осындай ардақты тұлғалардан білім алып, тәрбиеленіп жатқан  біздер өте бақыттымыз.
    Осы  ғажап сезімді  мынадай өлең жолдарымен қорытындылағым келіп отыр.
 
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс -  жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.

Жолмахантегі Жұлдыз

Шымкент қазақ – түрік дарынды қыз балалар лицей - интернатының  10 Б сынып оқушысы