Четверг 09 Сентября

Олимпиадалар

 

Тереңдігіне табынатындар көп бүгін,
Ұста мен ұстаз түбірі бірге текті ұғым.
Қасиетті ұя – қарлығаштарымен әлемге
Таныта білген қазақтың биік шоқтығын!

 

Қазақ-түрік лицейлері Қазақстанның білім саласында 15 жылдан астам уақыт қызмет көрсетіп келеді. Осы жылдар аралығында     қазақ-түрік лицейлерінің оқушылары білім сайыстарында, түрлі жоба сайыстарында шашаларына шаң жуытпай, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, Қазақстанның көк байрағын халықаралық дәрежеде жоғарыдан желбіретіп, намысты қолдан бермей келеді. Төменде осы сөзімізге дәлел болар қазақ – түрік лицейлеріміздің осы  уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерін бергенді жөн көрдік. Біздің шәкірттеріміз талай білім додасында алтыннан алқа тақса, күміс пен қоладан да кенде емес.  Олар тек лицейлеріміздің ғана емес, күллі Қазақ елінің, Қазақ топырағының, Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетінің үкілі үміті, жарқын  болашағымызға елеулі үлес қосатын ерендері екенін жыл сайын дәлелдеп келеді. Алдағы уақытта да  адалдық пен білім жолын өмірлеріне ту еткен «болашақтың барыстары» көбейе берсін. Оларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындататын ұлағатты ұстаздар мен зердесі биік білім ордалары көбейіп, құлашын кеңінен жайып, өркендей берсін.
 Халық даналығына сүйенер болсақ, «шәкіртсіз ұстаз-тұл» дейді. Лайым шәкірттерімізді қаннатыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, өз еліне, достарына  балапанның ұлпасындай жұмсақ, дұшпанына қыран бүркіттей қатал, елін сүйетін, Отанын қастерлейтін жас жеткіншектерімізді тәрбиелеп шығара берейік. Талай саңлақтар  таласқа түскен додада шәкірттеріміздің қанжығалары майлана берсін!

 

 

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары

(IMO,IBO,IPhO,IChO,IOI,IJSO)

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары

(Басқалар)

Республикалық олимпиада жеңімпаздары