Мен неге лицейді таңдадым?
08 Ақпан 2010 16:54, Дүйсенбі
Лицейімізге биыл түскен кішкентай қыздарымыздың, лицейді таңдау себептері.
Рысымбек Айгерім :
Мен лицейге өте жақсы оқу мен тәлім - тәрбие алу үшін түстім. Маған лицей қатты ұнайды, оқушылық өміріміз өте қызықты өтіп жатыр.
Маған лицейде бірдей киім кигеніміз қатты ұнайды. Бәріміз бір - бірімізден артық не кем болмаймыз.Лицейде сабаққа келмей қалу деген болмайды.
Жатақханада уақытымызды өте қызықты өткіземіз,сыныптас досатрыммен бір үйдің балаларындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Махмудова Малика:
Мен лицей туралыалғаш әпкемнен естідім. Қызығып лицейге түсу емтиханына дайындала бастадым. Бірінші турдан өтіп, содан кейін екінші турға бес күндікке лицейге келдім. Міне, сол күннен бастап мен лицейді жақсы көре бастадым.
Бұл жерде сабақ өте қиын. Сол үшін сабақтан қалмаймын.
Айдарбекова Майра:
Мен бұл лицейге түсуді бесінші сыныптан бастап і армандадым. Лицейге түскенімді естіген сәтте қатты қуандым, анам мен әкем менен де қатты қуанды.
Ағылшын тілін тереңдетіп оқимыз. Сабақтар өте қызықты өтеді. Лицейде біз ешқашан уақытымызды бос өткізбейміз. Көптеген қызықты жарыстар болып тұрады. Маған жатақханадағы апайымызбен бірге өтетін тәрбие сағаттары қатты ұнайды.
Хусанова Лали:
Маған лицейге түсу туралы ойды алғашқы болып анам айтты. Менің осы жерде оқығанымды қатты қалады.
Қазір мен осы лицейде оқып жүргеніме өте қуаныштымын. Мен анам мен әкемнің үмітін ақтағым келеді. Бұл жердегі мұғалімдер нағыз маман иелері. Олардың барлығы мейірімді, қамқоршы. Мен лицей оқушысы болғаным үшін бақыттымын.
Жұмаділдаева Әсел :
Әр адамның өз арманы, мақсаты болады. Сол секілді менің де арманым - лицейге түсіп, жақсы білім алып Отаныма адал еңбек ету. Осы лицейде оқып жатқан қыздар, Қазақстанға көмегі тиетін дарынды азаматшалар болып шығады деп сенемін.
Сейдулла Айжамал :
Мен алғашында лицей жайында анамнан естіген болатынмын.Ол кездері , шынымды айтсам, қатты түскім келмеді. Бірақ лицейге түсіп, оқи бастағанда мені осы жерге әкелген анама қатты риза болдым.
Оқушылармен сұқбаттасқан: Шымкент қазақ-түрік қыздар
лицейінің мұғалімі Ақбота Ажирова
