Жастар білім олимпиадасы
29 Қаңтар 2010 01:19, Жұма
Үстіміздегі жылдың 23 қаңтар күні «КАТЕV» Халықаралық Қоғамдық Қорының оқу ісі бөлімінің қадағалауымен Қазақстандағы барлық қазақ-түрік лицейлерінің 7-8
сынып оқушыларының арасында төмендегі пәндер бойынша «Жастар білім олимпиадасы» болып өтті. Қазақ тілі (қазақ және орыс топтары), Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, математика, физика, орыс тілі, биология, химия, информатика,ағылшын тілі.Аталған олимпиадаға жалпы саны 1687 оқушы қатысты.
Олимпиаданы өткізудегі мақсат - оқушылардың білім деңгейлерін бағалай отырып, болашақта Тәуелсіз Қазақстанның тұтқасын ұстайтын нағыз білімді, көп тілді меңгерген, Отанына адал азаматтар мен азаматшалардың өресін өсіру. 7-8 сыныптардан бастап түрлі білім сайыстарына қатыстыра отырып, олардың қабілеттерін ашу. Лицей аралық олимпиадада өз бақтарын сынап, білім деңгейлерін байқаған оқушылар болашақта түрлі Республикалық және Халықаралық білім додаларында өз елін лайықты түрде таныта отырып, өзгеге мойындатары сөзсіз. Қазақ-түрік лицейлерінің тарихында мұндай тәжірибелер баршылық. Төменде олимпиада нәтижелерін ұсына отырып, жас жеткіншектерімізге болашақта үлкен жеңістердің бастауы болсын деген ізгі тілегімізді білдіреміз. Алғашқы орындарға табан тіреген оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз.Сондай-ақ, оларды баптап, білім бәйгесіне қосқан ұстаздарына үміт артқан шәкірттері тек біздің ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болып, халқының қалаулы, елінің елеулі перзенттері болсын деп тіліейміз! Алға, жасөспірімдер! Алғашқы үлкен додаға түскен қадамдарың құтты болып, жалғасы жарасымды болғай! «КАТЕV» ХҚҚ.
7 сынып
| ЛИЦЕЙДІҢ АТЫ | АТЫ | ЖӨНІ | МҰҒАЛІМ | ПӘН АТАУЫ | БАЛЛ |
| Алматы Қазақ-Түрік Ер Балалар Лицейі | Аманжол | Құрмашев | Мовлямов Қанат | Биология | 60 |
| Астана Қазақ-Түрік Ұлдар Лицейі | Алдияр | Жексенбин | Ердем Ероглу | Химия | 98 |
| Нұрорда Ктл | Абылай | Бақтыбай | Кулкев Талгат | Информатика | 84 |
| Петропавл Қазақ-Түрік Лицейі | Әнел | Іляс | Жұлдыз Сергазина | Ағылшын Тілі | 94 |
| Ақтөбе Қазақ-Түрік Лицейі | Мұхамедали | Отманлы | Bermagambetova Nurila | Қазақ Тілі (Қазақ) | 92 |
| Орал Қазақ-Түрік Лицейі | Абзал | Бақытжанов | Сагитова Гүлфайрұз | Қазақ Тілі (Орыс) | 82 |
| Шымкент Қазақ-Түрік Ер Балалар Лицейі | Нүрпейс | Садуахаc | Дүйсебай Алмагүл | Қазақстан Географиясы | 92 |
| Шымкент Kiz Қазақ-Түрік Лицейі | Бағдат | Қайрат | Сәкен Талдахметов | Қазақстан Тарихы | 96 |
| Астана Қазақ-Түрік Ұлдар Лицейі | Назарбек | Сарқыт | Қуандық Қарагаев - Муаммер Гул | Математика | 98 |
| Ақтөбе Қазақ-Түрік Лицейі | Ескендир | Қойшекенов | Нұрбаев Айдар | Физика | 86.67 |
| Нұрорда Ктл | Аида | Байсырымова | Адаева Карлыгаш | Орыс Тілі | 94 |
8 сынып
| ЛИЦЕЙДІҢ АТЫ | АТЫ | ЖӨНІ | МҰҒАЛІМ | ПӘН АТАУЫ | БАЛЛ |
| Aстана Қыз | Жансая | Муканова | Халиме Хастурк | Биология | 56 |
| Талдықорған Қазақ-Түрік Лицейі | Нурсултан | Мауканов | Мұстафа Өзтекин | Химия | 100 |
| Алматы Қазақ-Түрік Ер Балалар Лицейі | Аман | Сариев | Исмаил Гесен | Информатика | 100 |
| Петропавл Қазақ-Түрік Лицейі | Әнел | Әбдірахманова | Жулдуз Сергазина | Ағылшын Тілі | 94 |
| Алматы Қазақ-Түрік Қыздар Лицейі | Индира | Құтпанбаева | Рыскелдиева Гүлмира | Қазақ Тілі (Қаз) | 90 |
| Қызылорда Қазақ-Түрік Қыздар Лицейі | Бибінұр | Муталипова | Гүлбайра Бердалиева | Қазақ Тілі (Қаз) | 90 |
| Қарағанды Қазақ-Түрік Лицейі | Алексей | Швырков | Егинбаева Гульзинат | Қазақ Тілі (Орыс) | 84 |
| Шымкент Kiz Қазақ-Түрік Лицейі | Ақерке | Тілеубергенова | Гулистан Қарақұлова | Қазақстан Географиясы | 90 |
| Тараз Қазақ-Түрік Қыздар Лицейі | Айдана | Паизова | Балбекова Әлия | Қазақстан Тарихы | 86 |
| Қостанай Қазақ-Түрік Лицейі | Темирлан | Ахменов | Багысбеков Елжас | Математика | 100 |
| Алматы Қазақ-Түрік Ер Балалар Лицейі | Абдрахман | Мұрат | Волкан Акдемир | Физика | 82.5 |
| Тараз Қазақ-Түрік Қыздар Лицейі | Диана | Абылгазина | Рожко Галина | Орыс Тілі | 88 |
