Среда 08 Сентября

Шынайы көңіл – қайырымдылық белгісі

Қоғамымызда  отбасы жылылығына зәру балалар бар екендігі көңілге қаяу түсіреді. Балғын балалық шақтағы пәк күлкіні, ата-ана мейірімін, жылы сөзді өмірде еш нәрсе айырбастай алмайды. Шынайы көңіл, мейірімділік – көңілге нұр себеді, алға жетелейді.
     Осындай мақсатта қазақ-түрік лицейінде «9A»және «9Б» сынып қыздарының жетекшілігімен жылулық пен шуақтың бастауын көтеретін «Айналайын, қарағым» атты ұйым жұмыс жасайды. Аталған сынып оқушылары облысымыздағы балалар үйімен, арнаулы түзету мектептерімен байланыста жұмыс жасауды алдарына міндет етіп қойған. Жаңа жыл қарсаңында, желтоқсан айының 23-і мен 24-і күндері аталған мектептерде болып, оқушылармен пікірлесіп қайтты. Шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды. Балалар бір-бірімен байланыс жасап, көмек көрсетіп тұруларына сөз берісті.
    Жылулық пен көңілге зәру көздер өздеріне тарта түседі, айырылғылары келмейді. Әрбір жанарда ерекше бір сыр ұялап жатқандай...
   9-сынып оқушылары аталған мектеп орындарынан ерекшк сезіммен оралды. Себебі, олар өздерінің шынайы көңілдерімен, жылы көзқарастарымен қайырымдылықтың алғашқы бастауына жол салды. Ол әлі де өз жалғасын табады деген сенімдеміз.