«Диалог» ата-аналар спартакиадасы
22 Желтоқсан 2009 02:56, Сейсенбі
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Павлодар ұлдар, Павлодар қыздар, Өскемен және Семей қазақ-түрік лицейлері ата-аналары
арасындағы қарым-қатынасты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Семей қазақ-түрік лицейінде кезекті аймақтық ата-аналар арасындағы «Диалог» спартакиадасы өтті. Дода 4 құраманың басын қосты. Жарыс төрт спорт түрінен, яғни мини-футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінен болды. Ойындар топтық жүйе бойынша айналымды түрде өткізілді.
4 командаға топтасқан лицей ата-аналары үйреншікті формаларын спорт киімдеріне алмастырып, жарысқа білек сыбанып кірісті. Ойындар өте қызықты да тартымды өтті. Семей қазақ-түрік лицейінің директоры Ж.Ж.Телемисов биылғы спартакиадаға қатысушылардың кәсіби деңгейінің өте жоғары болғанын ескертті.
Мини-футбол турнирінің кестесі
| Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі | 9:4 | Өскемен қазақ-түрік лицейі |
| Өскемен қазақ-түрік лицей | 3:11 | Семей қазақ-түрік лицейі |
| Семей қазақ-түрік лицейі | 4:3 | Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі |
Нәтижесінде, Семей қазақ-түрік лицейі 1-ші орын, Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі 2-ші орын, Өскемен қазақ-түрік лицейі 3-ші орынды иеленді.
Волейбол турнирінің кестесі
| Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі | 2:0 | Өскемен қазақ-түрік лицейі |
| Өскемен қазақ-түрік лицей | 2:0 | Семей қазақ-түрік лицейі |
| Семей қазақ-түрік лицейі | 2:0 | Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі |
| Өскемен қазақ-түрік лицейіfdf | 2:1 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
| Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі | 0:2 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
| Семей қазақ-түрік лицейі | 2:1 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
Нәтижесінде, Өскемен қазақ-түрік лицейі 1-ші орын, Семей қазақ-түрік лицейі 2-ші орын, Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі 3-ші орынды иеленді.
Шахмат турнирінің кестесі
| Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі | 3:0 | Өскемен қазақ-түрік лицейі |
| Өскемен қазақ-түрік лицей | 1,5:1,5 | Семей қазақ-түрік лицейі |
| Семей қазақ-түрік лицейі | 1:2 | Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі |
| Өскемен қазақ-түрік лицейіfdf | 1:2 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
| Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі | 3:0 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
| Семей қазақ-түрік лицейі | 2:1 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
Нәтижесінде, Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі 1-ші орын, Семей қазақ-түрік лицейі 2-ші орын, Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі 3-ші орынды иеленді.
Үстел теннисі турнирінің кестесі
| Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі | 2:1 | Өскемен қазақ-түрік лицейі |
| Өскемен қазақ-түрік лицей | 2:1 | Семей қазақ-түрік лицейі |
| Семей қазақ-түрік лицейі | 1:2 | Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі |
| Өскемен қазақ-түрік лицейіfdf | 1:2 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
| Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі | 0:3 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
| Семей қазақ-түрік лицейі | 2:1 | Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі |
Нәтижесінде, Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі 1-ші орын, Павлодар қыздар қазақ-түрік лицейі 2-ші орын, Өскемен қазақ-түрік лицейі н 3-ші орынды иеленді.
Жалпы командалық көрсеткіш бойынша Павлодар ұлдар қазақ-түрік лицейі 1-ші орын, Семей қазақ-түрік лицейі 2-ші орын, Өскемен қазақ-түрік лицейі 3-ші орынды иеленді.
