«KATEV» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
«KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы достық және ынтымақтастық туралы келісім аясында 1997 жылы құрылған. Қор ҚР Білім және ғылым министрлігімен Қазақстан Республикасы аумағындағы қазақ-түрік білім мекемелерінің білім беру қызметі аясындағы ынтымақтастық туралы 17.03.2003 ж. өзара келісімі негізінде жұмыс істейді.
Қордың негізгі қызметі – орта және жоғарғы оқу орындарын, ақылы оқу курстары мен өзге де арнайы мамандандырылған курстар құруды ұйымдастыру, сондай-ақ өзіне қарасты білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларын енгізуге, білікті кадрларды жұмысқа тартуға мүмкіндігінше қаржылай және өзге де нысанда көмек көрсету. Бұған қоса қор жыл сайын Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе өткізетін IMPC мектеп оқушыларының халықаралық жоба жарыстары, оқу-әдістемелік семинарлар, конференция, білім көрмесі секілді түрлі әлеуметтік-мәдени бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырады.
Қор еліміздің оқу-ағарту саласында айтулы қызмет атқарып келе жатқан қазақ-түрік оқу орындарының құрылтайшысы болып табылады. Қорға қарасты дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейлері, Жамбыл есеп-экономикалық колледжі, Сүлейман Демирел университеті, «Шахлан» мектебі бүкіл республика аумағында қызмет көрсетеді.
2005-2006 оқу жылы бойынша Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша жалпы қазақ-түрік лицейлері орташа 92,16 ұпай жинап ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. 2004 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 20 қазақ-түрік лицейлері дарынды балаларға арналған білім мекемелері мәртебесін алды.
Қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерін, жаратылыстану және математика, ақпараттық және қоғамдық пәндерді жетік меңгерген шәкірттеріміз халықаралық білім олимпиадаларында соңғы он жылда 39 алтын, 74 күміс, 93 қола медальді жеңіп алса, жыл сайын бітіретін түлектеріміздің 97 пайзының еліміздің ең таңдаулы жоғарғы оқу орындарында грант және кредит бағдарламаларында оқуын одан әрі жалғастыруда, шәкірттеріміздің АҚШ, Еуропа, Ресей, Қытай және Түркия мемлекеттерінің атаулы университеттерінде білім алу мүмкіндігін жеңіп алуда. Көп тілді меңгерген түлектеріміз бүгінде республика аумағындағы ірі өнеркәсіптер мен бірлестіктерде еңбек етуде.
Бүгінде қорымыздың тіл мамандары құрастырған Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, физика, химия, матеметика пәндері бойынша ЖОО түсушіліерге арналған оқулық-тест кітабтары оқушылар мен мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие болуда.
2006-2007 оқу жылы Солтүстік Қазақстан облысы мен Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облыстық әкімдіктерімен уағдаластыққа қол жетіп, Петропавл, Орал және Ақтау қалаларында қазақ-түрік лицейлері ашылды. Қор аталған лицейлердің оқу ғимараттарын толықтай модификациялау мен материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етуді жүзеге асырды.
Биылғы жылдың 3 қыркүйек күні Астанада жалпы алаңы 22 000 м² құрайтын 2000 орындық халықаралық мектеп және дарынды балалар мектебі Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Қазіргі таңда «KATEV» ХҚҚ-ына қарасты оқу ордалары халықаралық ISO 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің стандарттарын иеленіп Түркия стандарттау институтымен тығыз жұмыс істеуде.
Қордың игі бастамалары тек жоғарыда баяндалғандармен шектеліп қалмайды. Қор жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлер үшін дайындық тестілеу оқулықтарын, орыс тілді 5-8 сыныптар үшін жаңа буын қазақ тілі оқулығын, электронды оқулықтар, түрлі көрнекі құралдар, қазақ тілді оқырман үшін интернетте веб-сайтын әзірлеуге жан-жақты қолдау көрсетті. Бүгінде қорымыздың тіл мамандары құрастырған қазақ тілі, қазақстан тарихы, физика, химия, матеметика пәндері бойынша ЖОО түсушіліерге арналған оқулық-тест кітабтары оқушылар мен мұғалімдер тарапынан жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие болуда.
Сондай-ақ 2004 және 2005 жылдары халықаралық деңгейде өткен «Мәдениеттердің тарихи сабақтастығы», «ХХІ ғасырдағы келісім мен қатар өмір сүру мәдениеті» атты конференциялардың ұйымдастырушысы.
2007 жылдың сәуір-маусым айларында облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалаларында «Жастар салауатты өмір салты үшін» тақырыбында кең ауқымды фестиваль өткізді. Мұнда есірткі, алкоголь, темекі өнімдері және компьютер ойындары мен интернетті жөн-жосықсыз пайдаланудың зияндары баяндалған кітапшалар таратылды, қабырға газеттері, стендтер және слайд-шоулар т.с.с көрсетілді.
