қоғамдық іс-шаралар
28 Қазан 2009 01:58, Сәрсенбі
Қазақ тілі олимпиадалары
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатымен 8-сыныптар арасында Республикалық деңгейде лицейаралық олимпиада өткізіледі. Олмпиадаға барлық облыс орталықтары мен Алматы және Астана қалаларынан оқушылар қатысады. Олимпиадада бес бағыт бар: тіл білімі, ән айту, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым және ғылыми жоба қорғау. Әр бағыт бойынша жүлдгерлер анықталады.
Қазақ тілін жан-жақты қамтыған олимпиада Қазақстанда тұңғыш ұйымдастырылды.Олимпиаданың мақсаты – Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.

Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өз-өзін дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету міндеттеледі.
Олимпиада бағыттары төмендегідей:
«Тіл білімі» бағытында қазақ тілі теориясын терең меңгерген білімді оқушыларды таңдау міндет етіледі. Тапсырмалар мектеп бағдарламасы бойынша (5-11-сыныптар) құрастырылады.
Тапсырма түрлері: дұрыс-бұрысты табу, жұптастыру, бос орынды толтыру, тірек сөздер негізінде орындалатын тапсырмалар, сұрақ-жауап, тест сұрақтары т.б иада бірнеше турға бөлінген. Оқушылар қазақ тілі грамматикасымен бірге, қазақ әдебиеті шығармалары бойынша театрландырылған көріністер көрсетеді. Көріністерді бағалау үшін комиссия құрамына арнайы театр мамандары шақырылады.
«Сөз мәнері» бағытында қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәніні жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіре оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге үйрету мақсат етіледі.
«Әнші бұлбұлдар» бағытында қазақ халық әндері мен сазгерлерінің шығармаларын кең көлемде насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке дәріптеу мақсат етіледі.

«Сахна саңлақтары» бағытында қазақ ақын-жазушыларының, драматургтерінің шығармаларын насихаттау, тәрбиелік маңызы бар көріністерді тарату мақсат етіледі.
«Жас ғалымдар» бағытында қазақ елінің ұлттық құндылықтарын (тіл, тарих, мәдениет т.б) дәріптейтін ғылыми жұмыстарды анықтау және оларды тарату мақсатында ғылыми жобалар қорғалады.
«Жастар салауатты өмір үшін» атты денсаулық фестивалі
«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,Мен жастарға сенемін!»
(М. Жұмабаев)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Жолдауында жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы мен әл-аухатының артуы» айтылған.

Фестивальда шылым шегудің денсаулыққа зияны, ішімдікке қарсы күрес, жастар арасында ғасыр дерті саналатын СПИД ауруына қарсы тұру жолдары, дұрыс тамақтану, интернет пен компьтютерден алынатын ақпараттар ағымын дұрыс қолдана білу сынды өте маңызды әрі пайдалы тақырыптарды қамтыды.
Зиянды әдеттерге қарсы тұру жолдарын көрсеткен кітаптың 50000 данасы оқушылар мен фестивальға қатысушыларға тегін таратылды.
Фестивальға қатысқан әрбір оқушы салауатты өмір сүрудің жолдары жайлы толық мағлұмат алды.
Наурыз мерекесі
Қазақ-түрік лицейлері ашылғалы бері үрдіске айналған тағы бір ерекшелік – жыл сайын атап өтілетін Наурыз мейрамы.Ұлы істің ұлы күні қазақтың байырғы баспанасы - киіз үйлер тігіліп, қазанда наурыз көже қайнап, келген қонақтың бәрін қонақжайлықпен қарсы алады. Осылайша, ықылым заманнан бері қазақтың қанына сіңген қонақжайлықты жыл сайын жаңғыртып отырады. Наурыз мерекесі жоғары дәрежеде жас жеткіншектерді өз елінің
символына айналған.
«Қазақ тіліне – басым қолдау» атты қазақ тілі фестивалі

Осы мақсатта «КАТЕV» қоры қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар, интернет сайттарын ашып, көптеген маңызды шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, оқушының қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттыратын әдіс-тәсілдерді тіл жанашырларымен бөлісу мақсатында « Қазақ тіліне – басым қолдау» атты тіл фестивалдерін ұйымдастырды. Фестивалдерде әртүрлі интерактивті ойындар арқылы қазақ тілі сабағын қызықты үйретудің әдіс-тәсілдері көпшілік назарына ұсынылды.
Аталмыш фестиваль Қазақстан бойынша жер-жерде өткізілді. Қазақ-түрік лицейлері мұғалімдері мен оқушылары бұл фестивальға белсене атсалысты.
Фестиваль қонақтарына «Қазақстан-менің Отаным» атты Мемлекеттік рәміздерге қатысты танытымдық кітапшалар мен сыйлықтар таратылды. Ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сертификаттар берілді.
«Әдістеме –мұғалімнің тірегі,
Мұғалім – мектептің жүрегі» қазақ тілі семинарлары

«КАТЕV» Халықаралық Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен бүкіл облыс орталықтарында орыс тілді мектептердегі қазақ тілі пәнін оқытуға қатысты оқу-әдістемелік семинарлар өткізілді. Бұл семинарларда екі мыңға жуық мұғалім қазақ тілін үйретудің жаңа үлгідегі жан-жақты әдістемелерімен танысты.
Бұл семинарға қатысқан 2000 мұғалімге КАТЕВ ХҚҚ-ның қазақ тілі пәні бойынша бас әдіскері Қанат Ибрагимовтың «Орыс тілді мектептерге арналған қазақ тілі» кітабы сыйға тартылды.
Білім көрмелері
1998-1999 оқу жылынан бастап «КАТЕV» ХҚҚ-ның басқаруымен, қазақ-түрік лицейлерінің мұғалімдері мен оқушыларының атсалысуымен жыл сайын білім көрмесі өткізіліп келеді. Білім көрмесінде оқушылар математика, информатика және қоғамдық білімдер бойынша алған білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін көпшілік назарына ұсынады.
Мұндай білім көрмелері Америкада, Европада кеңінен тараған.Қазақстанда ұйымдастырыл отырған білім көрмелері қазақ-түрік лицейлерінің жетістіктеі болып саналады.
8 – сыныптардың білім олимпиадалары
«КАТЕV» ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен жыл сайын 8-сынып оқушылары арасында білім сайысы өтеді. Бұл білім олимпиадасында оқушылар барлық пән бойынша бақ сынасады.
Жүлделі орынға ие болған оқушыларға сыйлықтар беріледі. Бұл оқушыларды білім алуға, келешекте Республикалық және Халықаралық білім додаларына қатысуға ынталандыра түседі. Жыл сайын өткізелін бұл білім жарысына қазақ-түрік лицейлерінен 1500-ге жуық оқушылар қатысады.
IМРС – халықаралық математикалық жоба жарыстары –

1999 - 2006 жыл аралығында «КАТЕV» ХҚҚ ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп халықаралық математика жоба жарыстары дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып өткізілді.
Жарыстың мақсаты дарынды жас жеткіншектерді анықтау және олардың қабілеттерінің дамуына жан-жақты жағдай туғызу және Қазақстанның атын әлемге таныту.
ІМРС көптеген шетел мемлекеттерінің жасттарының бір-бірімен танысып, ғылыми қарым-қатынас көпіріндей болды.

