14-15 қаңтар күндері «NURORDA» мектеп-лицейінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей оқушыларының арасында кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті.

Додаға «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің 7-8 cынып оқушыларынан құралған 450-ден аса команданың ішінен 270 оқушы іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған жалпы саны 26 команда өзара сайысқа түсті.

Бас-аяғы екі күнге созылған ала доп додасы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында, оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, футбол спортын дамыта отырып, қатысушылар арасынан Месси, Роналдо, Неймар секілді атақты футболшылардың шығуына жол ашу болды.

Турнирдің ашылу салтанатына «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте Ермаханұлы, Олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіби бокс клубының диркторы Серік Жұманғалиұлы Сәпиев, ҚР БҒМ өкілі Жахин Қалкен Елеукенұлы, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті департаментінің директоры Акаев Алимжан Убайдуллаұлы, Балалар және жасөспірімдер мен бұқаралық футбол департаменті директорының орынбасары Инкарбеков Арсен және тағы басқалар қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал, арнайы шақырылған елордалық футбол фристайлшылары допты ұршықша иіріп, бар шеберліктерін көрсетіп жас футболшыларға шабыт берді. 

Бұл айналмалы кібогты ең алғаш рет Ақтөбе, екінші жылы Алматы оқушылары алып кеткен болатын. Былтыр Елордалық аяқдопшылар өздерінде сақтап қала алды. Ал, биылғы жарыс нәтижесі бойынша таласқа түскен кубогты Екібастұз «Білім-Инновация» лицей оқушылары жеңіп алды. Екінші орынды Қостанай, үшінші орынды Ақтөбе ал, төртінші орынды Оңтүстіктен келген Шымкент «Білім-Инновация» лицейінің командасы иеленді. Жеңімпаздарға кубогтар, мадальдар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, бірінші орын иеленген командаға PS4(плейстейшн) берілді. Енді бұл команда Румынияда өтетін оқушылар арасындағы футбол жарысына баруы мүмкін.

          Осы турнир туралы тағы бір ерекше атап өтер жайт, ол – оқушылар арасындағы мұндай республикалық футбол турнирінің(қыс мезгілінде) елімізде жоқтығы. Ал, бұл жарыс балалардың мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзіндерін шебер ойыншы ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

 

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған