Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті тәрбие жұмысын жандандыру, педагог қызметкерлердің белсенділігін, креативтігін, жаңашылдығын, шығармашылық ізденістерін  жетілдіру мақсатында

9 желтоқсанда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының «Заманауи мектеп көшбасшысы» облыстық байқауын өткізді. Байқауға облыстың 15 мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты. Байқау барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық идеяларын, балаларға, әріптестеріне, мамандығына деген қатынасын, көшбасшылық қасиеттерін ортаға салды. Аталған байқауға лицейімізден  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пәні мұғалімі Сагитова Гульфайруз Болатқызы қатысып, нәтижесінде І орынды иеленді.

Жаңашылдығы мен шеберлігі, ізденісі арқасында топ жарып, жеңіске жете білген әріптесімізді құттықтап, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз.

Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған

“Білім-инновация” лицей – интернаты

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған