Ақтөбе білім-инновация лицейінде Қазақ тілі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып өткізілді.

Ана тіліміз ұлықталған күн лицей оқушыларының «Қара жорға» флешмобымен басталды. Мұғалімдер мен оқушылардың «Қазақ нағыз – домбыра» домбыра-пати шарасымен жалғасып, Құрманғазының «Балбырауын» күйі орындалды. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» танымдық көрмесі ұйымдастырылды. «Тәтті болмақ та тілден, ащы болмақ та тілден» атты викториналық ойынға оқушылар белсене қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен терең білімділіктерімен, тапқырлықтарымен танылды.

Лицей мұғалімдері арасында «Жасампаздықтың 25 жылы» атты kahoot ойыны өткізіліп, барша ұстаздар қызығушылықпен қатысты. Бұл шарада лицей ұстаздарының 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері жұмбақталды. Бас жүлдені математика пәні мұғалімі Аликулов Асқар ағай жеңіп алды.

Бұл күн әр кластың оқушысы, тәрбиешісі және класс жетекшісінен құралған командалар арасындағы “1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымен тиянақталды. Қорытындысы бойынша 9 «Ә» класы Бас жүлдеге ие болды. Өте тартысты өткен сайыстың әр кезеңі арасында класс жетекшілер өз өнерлерін көрсетіп, әуелете ән шырқады, тебірене өлең оқыды, күмбірлете күй төгілтті.

Барлық класс оқушылары Тәуелсіздік мерекесіне орай жүрек жарды тілектері мен құттықтауларын жеткізді. Шет елде оқып жүрген лицей түлектерінің мерекеге орай бейнежазбамен жолдаған тілектерін тыңдау – бір ғанибет іс болды.  

Ақтөбе білім-инновация лицейі

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған