Тәуелсіздік тағылымы

Бүгін көзге жас келіп тұр халайық,

Әрбір істі зердеге салып қарайық.

Тәуелсіздік жолында құрбан еткен жандарын,

Ұл-қыздарды есімізге алайық.

Жүрмейікші ренжіп босқа түңіліп,

Батырларды ардақтайық ерліктерін ескеріп.

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,

Алмайықшы екі қолдан жіберіп.

Қазағымның егемендік жолында,  

Жиырмадағы жалындаған жасында,

Отанымның намысы үшін от кешіп,

Қаншама жас азап шекті расында.

Соны ойласам елжірейді жүрегім,

Өздері өліп сақтап қалды ұлы елін.

Желбіресін көк байрағы елімнің

Тәуелсіздік болсын мәңгі тірегім.

Айзада Ұзақбаева

  

 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған