img_0230       Бүгін Павлодардағы дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында «Тәуелсіз Республиканың 25 жылдығына 25 игі іс-шара» бағдарламасы шеңберінде волейбол жарысы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның ерекшелігі – өзара жарысқа түскен облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған 10 мектеп оқушыларының ата-аналары. Қазақ-түрік лицейінде  үлгі арқылы тәрбиелеу тәрбие жұмысының негізгі қағидасы болса, жарысқа түскен 100 ата-ана салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісі бола біліді. Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, Ақсу гимназиясы, №3 гимназия, №8 лицей, Абай атындағы №10 лицей, Екібастұз қаласындағы Көпсалалы лицей, «Жас дарын» мектебі, көпсалалы лицей, әскери мектебі, қазақ-түрік лицейлерінің ата-аналарымен қоса қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің ардагерлер командасы да осы жарысқа қатысу өтінім берді. Балалары мектепті бітіргеніне бірнеше жыл өтсе де аталмыш жарысқа белсене қатысып жүрген ата-аналар – келешек ұрпаққа нағыз үлгі болатыны сөзсіз.

img_0236

img_0247

img_0218

img_0302

img_0301

img_0280

img_0277

img_0260

img_0267

Газизова Р.М.,

Павлодар, Дарынды қыз балаларға арналған ҚТЛ ОТЖДО

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған