xjicv50ej-c          Республикалық пән олимпиадасының 3 мәрте алтын медаль иегері; А.Бектұров атындағы Халықаралық пән олимпиадасының 2 мәрте жеңімпазы, «Үздік теоретик» номинациясының иегері; Арменияда өткен Халықаралық 49-Менделеев олимпиадасының қола медаль иегері; Әзірбайжанда өткен 47-Халықаралық (IchO)олимпиадасының күміс медаль иегері; Ресейде өткен Халықаралық 50-Менделеев олимпиадасының күміс медаль иегері; Грузияда өткен 48-Халықаралық (IchO)олимпиадасының күміс медаль иегері лицейіміздің оқушысы Смағұлов Азамат Шығыс Қазақстан облысының «Үздік жыл оқушысы – 2016» номинациясын иеленіп, кубокпен марапатталды және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бағалы сыйлығына ие болды.

Жаратылыстану пәндерінің ішіндегі ең күрделісі химия пәніне қызығушылығы оянып, талабы мен ізденісінің арқасында Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі атану мәртебесіне ие болған Азамат қазір Корея елінің Юнист университетінің студенті.

veavlj91cci

kut_btnfzg0

Семей қазақ-түрік лицейі

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған