img_0872       Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді.

Осы атаулы мерекеге орай Тараз Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатында «Қазақстан –Ұлы дала елі» атты тұңғыш Президент күніне орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Елбасының өмірлік тарихынан кинофильм үзінділері көрсетіліп, «Айша бибі» би үйірмесінің мың бұралған бишілері «Шашу» биін билесе, ал «Үкілі домбыра» домбыра үйірмесінің оқушылары орыс әндерінен попури күй орындап, тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. 10сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтарының ассамблея өкілдерімен кездесу сәтінен үзінді орындады. «Дала дауысы» вокал үйірмесінің кіші топ оқушылары патриоттық рухты көтеретін «Қазақстан» әнімен хор орындап, меркелік бағдарлама 8 сынып оқушыларын «Жасұлан» ұйымына қабылдау рәсімімен аяқталды.

Елбасы жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта Қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының сол туралы: «Біз –талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз», Ата-дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жалғастырушыларымыз»-деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады. Біздің шағын концерттік бағдарламамызда өзге ұлт өкілдерінің қазақ мәдениетін сыйлауын, елбасымызға құрмет көрсетуін, өсіп келе жатқан ұрпақ бойына сіңдіріп, қойылымдар қойып мерекелік кеш өз мақсатына жетті.  

img_0853

img_0846

img_0858

img_0894

img_0890

img_0878

img_0873

img_0866

img_0897

img_0905

img_0922

img_0926

img_0928

Тараз Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған

мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған