img_3128        Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласында автошеру ұйымдастырылды. Зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестік мүшелері, мұғалімдер мен оқушылардан құралған шеруді салт атты 5 жігіт бастады. Автошеруге Ақтөбе білім-инновация лицейінің ұстаздары, тәрбиешілері мен оқушылары да қатысты.

Үш жүзден астам адам мен жиырма бес автокөліктен құралған автошеру жастардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, тарихи тұлғалар өмірінен сыр шертуді мақсат етті. Барлық қатысушылар мен қала тұрғындары тарихи тұлғалар ескерткіштері алдында сахналық қойылымдарды тамашалады, ел тарихына қатысты тағылымды әңгімелер тыңдады.

img-20161118-wa0004

Ақтөбе білім-инновация лицейі

 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған