Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ сі

Қарағанды облысының білім басқармасының  2010 жылғы 03 қарашадағы  №667 «Қарағанды қазақ-түрік лицейінің қыздар бөлімшесін ашу туралы»  бұйрығына сәйкес 2010 жылдың 22 қарашасынан ҚТЛ-дің қыздар бөлімшесі оқу-тәрбие үрдісін 53 оқушы 2 сынып комплект  (7 – сыныптар) негізінде  Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың базасында бастады.

2010 жылдың қарашасынан 2013 жылдың тамыз айына дейін ҚТЛ-дің қыздар бөлімшесі Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың оқу бөлмелерін және алыс аудандардан келген оқушылар үшін жатақханадан жататын орындарды пайдаланып келді.

Қарағанды облысының әкімдігінің 2013 жылдың 03 қыркүйегінде №55/04  «Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатын» құру туралы қаулысы шықты.

Қарағанды облысының әкімдігінің 2013 жылдың 26 желтоқсанындағы №75/04 «Мүлікті Қарағанды қаласының коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы» қаулысы негізінде Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Колодезная көшесіндегі 9 үй №2 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатына тіркелді. Лицей ғимаратының жанында алдағы уақытта жатақхана ретінде қолданылатын қосымша құрылыс бар.

Лицейдің құрылтайшы құжаттары 2014 жылдың 5 мамырында толығымен рәсімделді.

 

Оқушыларымыз 3 жыл ішінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:

  • Республикамыздағы қазақ-түрік лицейлерінің арасында білім сапасы жағынан алғашқы бестікте тұр;
  • 2012-2013 оқу жылында 6 оқушымыз облыстық олимпиадаға қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды;
  • KATЕV халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастыратын ғылыми-жобаларға, олимпиадаларға оқушыларымыз қатысып І,ІІ орындарға ие болды (информатика, химия, қазақ тілі, ағылшын тілі, түрік тілі);

2013-2014 оқу жылында  оқушылардың облыстық ғылыми-жобалар сайысында  ІІ орынды – А.Серғазиева, Н.Алина  (информатика) 10«А» сынып оқушылары,   ІІІ орынды –А.Кенес, Д.Нұрғалиева( информатика) 9«В» сынып оқушылары;

  • Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олипиаданың облыстық кезеңіне 18 оқушы өтіп,   8 оқушы жүлделі орындарды иеленді:

І орын –І.Сағымбек (биология) 10«А» сынып оқушысы, Г.Төлекубекова (орыс  тілі) 9«В» сынып оқушысы;

ІІ орын –А.Жолшаринова (ағылшын тілі) 10«А» сынып оқушысы;

ІІІ орын –А.Уалибекова (физика) 9«А» сынып оқушысы, А.Шамшиева (ағылшын тілі) 10«А» сынып оқушысы, С.Сулейменова (география)  «А» сынып оқушысы;

  • Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиадаға 3 оқушы өтіп, бір оқушы жүлделі орын алды:

ІІІ орын – А.Жолшаринова (ағылшын тілі) 10«А» сынып оқушысы;

  • Алматы қаласында қазақ-түрік лицейлері арасында түрік тілінен өткен олимпиадаға 2 оқушы қатысты:

ІІ орын –  ән айту байқауы бойынша 10«В» сынып оқушысы –Ү. Әуез

ІІ орын – өлең оқу бойынша   10«А» сынып оқушысы–А.Серғазиева.

Ән айту байқауы бойынша ІІ орын алған  Әуез Үміт Түркия мемлекетінде өткен түрік тілі олимпиадасына қатысты.

  • Астана қаласында қазақ-түрік лицейлері арсында өткен «Жас жасампаздар» жоба жарысына 4 ғылыми жоба ұсынылды:

І орын –І.Жекебатырова, Ә.Амангелді (ағылшын тілі) 75 000 теңге сыйақы ақылды,  10«А» сынып оқушылары;

ІІ орын – А.Серғазиева, Н.Алина (информатика), І.Сағымбек  (физика) 10«А» сынып оқушылары;

ІІІ орын – А.Төлеубаева, А.Досымбекова (физика) 10 «В» сынып оқушылары;

  • Алматы қаласында қазақ-түрік лицейлері арасында өткен КБО білім олимпиадасына 8 оқушы қатысты:

ІІ орын –С.Түсіпбекова (ағылшын тілі) 8«А» сынып оқушысы, С.Оразова (орыс тілі ) 7 «А» сынып оқушысы;

ІІІ орын- А.Кұрманғалиева (түрік тілі) 8«А» сынып оқушысы, Д.Ануфриева (қазақ тілі)   9«А» сынып оқушысы.

 

Қазақ-түрік лицейлерінің басты ұстанымы – жалпы республика көлемінде сапалы білім мен тәрбие беруде айтулы білім мекемелерінің бірі болу.

 

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Колодезная көшесі №9 үй.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған