Қарағанды облысы білім басқармасының

«№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ туралы мәлімет

 

Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ Жезқазған қаласы әкімдігінің 1993 жылғы 30 маусымдағы №335а/06 шешімі  негізінде ашылған.

Лицейдің ресми түрде ашылу салтанаты 1993 жылғы 30 маусымда қала әкімі Ж.И.Ибадилдиннің қатысуымен ашылды.

Қарағанды облысы әкімдігінің   24.05.2005ж.  № 10/06 Қаулысы бойынша «Жезқазған қаласы қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесі «Жезқазған қаласы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесі болып аталды.

Қарағанды облысы әкімдігінің 27.01.2014 жылғы №04/06 қаулысына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

 

Лицейдің жетістіктері:

2005 жылы – облыс әкімі К.Е.Мухамеджановтың «Қазақстан Республикасының үздік мектебі – 2005» атты грамотасы;

2008 жылы – облыс әкімі Н.Нығматулиннің «Ең үздік команда» сертификатымен;

2009 жылы – ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың «Мектеп бітірушілерінің орташа балы жоғары болған 100 мектеп» қатарына қосылуымен Жезқазған қазақ-түрік лицей-интернатына құттықтау хаты табысталған.

 

Назарбаев Университетінің республика мектептері арасындағы аталған университетке түсу рейтингісінің көрсеткіші бойынша, лицейіміз 2010-2011 оқу жылында 12-орында болды.

 

1993-2014 жылдардағы білім додаларында алған медальдар саны:

облыстық пән олимпиадасы: 28 – алтын; 70 – күміс; қола – 108.

облыстық жоба жарысы: 2 – алтын; 10 – күміс; 29 – қола.

Республикалық пән олимпиадасы: 6 – алтын; 7 – күміс; 14 – қола.

халықаралық пән олимпиадасы: 3 – алтын; 2 – күміс; 2-қола.

халықаралық жоба жарысы: 4 – алтын; 9 – күміс; 14 – қола.

барлығы: 308

 

Лицейдің мекен-жайы:

100600 Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 77 үй.

Тел./факс: 8 (7102) 76-47-97,

Қабылдау бөлмесі: 76-09-55.

Веб-сайт: zhezkazganktl.kz

e-mail: zhezkazganktl@mail.ru

 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған