Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының “№1 қазақ-түрік  дарынды ер балалар лицей-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Лицейіміз Шымкент қаласындағы қазақ – түрік ер балалар, қыз балалар және шығыстану лицейлері болып бөлінбей бір басшылыққа бағына келе, Шымкент қаласының әкімі Амалбек Тшановтың және Туркия мемлекетінің «Шелале» фирмасының 05.05.1993 жылғы келісім шарты мен қаламыздағы № 69 орта мектеп базасында ашылып өз жұмысын бастады. Қазақ – түрік лицейлері жалпы білім беретін Қазақстан Республикасының білім стандарттарынан негізделген, жалпы орта білім беретін мектеп.  Лицейімізде берілетін білім мазмұнының құрамы мен құрылымы осы жылдар арасында бірнеше рет жетілдірілді. Соның нәтижесінде тұрақты жүктеменің жіктелуі, саралап оқыту мерзімдері, білім мазмұнының функционалдық толықтылығы қайта қаралып бірнеше рет толықтырылды.

Нәтижесінде 1999 жылы Қазақстан Республикасы Білім министірлігінің бекітіп берген №300 бұйрығы «қазақ – түрік лицейлеріндегі оқу жоспарларының бағдарламасы» бойынша оқу жоспарымен жұмыс істеп келеміз.

Өмір талабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан Облысы Акимиятының 1999 жылы желтоқсан айының 12 – ші жұлдызында № 946 шешімімен қыз балалар лицейі және ұл балалар лицейі шығыстану бөлімімен қоса екіге бөлінді.

Шымкент қаласы қазақ – түрік ұлдар лицейі болып еншімізді бөліп алған соң, Ж. Адырбеков (бұрыңғы Чернышевского) көшесі 135 – ші мекен – жайында жұмысымызды жалғастырдық.

ЛИЦЕЙДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:      

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 2009-2010 жылдары ҰБТ қорытындысы бойынша алғыс хаты;

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың “Алғыс хаты” 2011 жыл;

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың олимпиадада жеткен жеткен жетістігі үшін “Ең үздік олимпиада мектебі”,  “Алғыс хаты” 2012 жыл;

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовтың олимпиадада жеткен жеткен жетістігі үшін “Ең үздік олимпиада мектебі”,  “Алғыс хаты” 2013 жыл;

ОҚО ББ басшысы А.Елшиеваның “Алғыс хаты” 2013 жыл;

ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспановтың “Алғыс хаты” 2014 жыл.

2014 жылға дейінгі білім олимпиадаларынан жеткен жетістігі

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ ЖӘНЕ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 129- АЛТЫН, 115-КҮМІС, 76-ҚОЛА;

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ ЖӘНЕ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 37-АЛТЫН,44-КҮМІС, 35-ҚОЛА;

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ ЖӘНЕ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 16-АЛТЫН, 18-КҮМІС,  29-ҚОЛА.

 

МЕКЕНЖАЙЫ: Оңтүстік Қазақстан облысы., Шымкент қаласы., Адырбеков к-сі, 135 ИНДЕКС: 160003

Телефон: +7 7252 32 11 56 Факс: +7 7252 32 10 62 e-mail: shymkentktl@mail.ru

Веб-сайт:  http://www.shymkentktl.kz

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған