Лицейдің толық атауы және тарихы:  Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ – түрік мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 22 тамыздағы «№37 орта жалпы білім беретін мектептің атауын өзгерту туралы»  №264 қаулысы негізінде қалалық қазақ–түрік лицейі ашылды.

2006 жылдың 4 желтоқсанындағы №387 «Қалалық қазақ-түрік лицейі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы қаулысы негізінде «Облыстық қазақ-түрік лицейі» болып аталды.

2007 жылдың 23 тамызындағы №200 «Кейбір мекемелердің атауын өзгерту туралы» қаулы негізінде «Батыс Қазақстан облыстық дарынды ер балаларға  арналған  қазақ-түрік лицей-интернаты» деген толық атауға ие болды.

2009 жылдың 30 наурыздағы №8 « Батыс Қазақстан облыстық   дарынды ер балаларға  арналған  қазақ-түрік лицей-интернаты  мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулы негізінде  «Батыс Қазақстан облыстық дарынды  балаларға  арналған  қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» деген атауға ие болды.

  

ЛИЦЕЙДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

 

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сулейман Демирел атындағы университет. Оқушыларының жоғары дәрежеде білім денгейін көрсетуі мен бірге университет қабырғасында ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларда әрдайым белсенділік танытатын шәкірттер тәрбиелеген Орал ҚТЛ ұжымына Алғыс хат.
  • 2012-2013 оқу жылында оқу-ағарту саласында қол жеткізген бүкіл жетістіктерінің көрсеткіші бойынша қазақ-түрік лицейлері арасында жүлделі ІІІ орынды жеңіп алғаны үшін «KATEV» Халықаралық Қоғамдық қоры президенті Мехмет Месут Атаның дипломымен марапатталды. № 201/75-5 26 қыркүйек, 2013 жыл
  • 2014 жылы «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсында ІІІ орын алғаны үшін облыстық білім басқармасының басшысы А.Ә Мыңбаеваның дипломымен марапатталды.

 

  • 2013-2014 оқу жылындағы республикалық пәндік білім олимпиадаларында үздік көрсеткіштерімен және белсенді қатысуларымен республикада және қазақ-түрік лицейлері арасында алға озып шығып, жүлделі ІІІ орын алған Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ – түрік мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты мемлекеттік мекемесі марапатталды.

«KATEV» Халықаралық Қоғамдық қоры

№ а-11/14 маусым, 2014 жыл

2006-2014 оқу жылы аралығында лицей оқушыларының жеткен жетістіктері:

Облыстық пән олимпиадасы : 55 – алтын, 67- күміс, 65- қола

Облыстық жоба жарысы:  22- алтын, 45- күміс, 46- қола

Республикалық пән олимпиадасы: 9- алтын, 20- күміс, 27- қола

Республикалық жоба жарысы: 0- алтын, 4- күміс, 6- қола

Халықаралық пән олимпиадасы: 8- алтын, 15- күміс, 28- қола

Халықаралық жоба жарысы: 8- алтын, 5- күміс, 19- қола

Барлығы: 449

Лицейдің мекенжайы:  Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,  «Жасдәурен балалар кешені» көшесі 3

Байланыс тел:  8 (7112) 24-22-11 Факс: 8 (7112) 24-17-16

Email: ktloral@gmail.com

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған