№10 Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты

Туыстас екі елдің көшбасшылары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Өзалдың келісімінің арқасында 1993 жылы халықаралық деңгейдегі білім ордалары болып саналатын қазақ-түрік лицейлері ашыла бастады. Солардың қатарына 1994 жылы Ақмешіт қазақ-түрік қыздар лицейі ашылды.

2004 жылдың 20 желтоқсанында облыс әкімінің №245 облыстағы жекеленген білім ұйымдарын қайта атау туралы қаулысымен лицей “№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты” мемлекеттік мекемесі болып аталды.

2013жылдың 27 қарашадағы Қызылорда облысының әкімдігінің №371 “Қызылорда облысының білім басқармасының ведомсволық бағыныстағы кейбір мемлекеттік мекемелердің қайта атау туралы” қаулысына сәйкес “Қызылорда облысының білім басқармасының “№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігінің нөмірі-БСН: 990640002686, тіркеу нөмірі: 1438-1933-01-КГУ, 2014 жыл 18 наурызда берілді.

ЛИЦЕЙДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталған.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Соңғы бес жыл бойында оқушылар қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде білім сайыстарында мына төмендегідей нәтижелерге жетті.                                               (2010-2014)

Облыстық пән олимпидасы және жоба жарысы: 14-алтын, 29-күміс, 47-қола;  Республикалық пән олимпиадасы және жоба жарысы:  6-күміс, 6-қола;  Халықаралық білім олимпиадасы және жоба жарысы: 6-алтын, 7-күміс, 17-қола.

МЕКЕНЖАЙЫ:

Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс №10 Телефоны: 21-22-23., факс: 212891

эл.почта: каtevktl09@gmail.com

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған