Қазақстан Республикасының  президенті Н.А.Назарбаев пен Түркияның 8 – ші президенті Тұрғылт Өзал арасындағы 1992 жылы сәуір айында келісім негізінде Қазақстанда қазақ – түрік лицейлері ашыла бастады. 1993 жылы Талдықорған қаласында осындай 2 лицей ашылды: біріншісі «Талдықорған облыстық қазақ – түрік ер балалар лицейі», екіншісі «Талдықорған қазақ – түрік техникалық лицей».

1997 жылы Талдықорған облысының таралуына байланысты 1998ж. «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының  шешімі бойынша екі лицей біріктірілді де, «Талдықорған қазақ – түрік жасөспірімдер лицейі» мемлекеттік емес мекеме атанды.

2002 жылының тамыз айынан  Алматы облысы Әкімі шешімімен аталған оқу орны «Талдықорған қазақ – түрік жасөспірімдер лицейі » мемлекеттік  мекемесі болып қайта құрылды.

2014 жылының  қаңтар айынан Талдықорған қаласы Әкімі шешімімен аталған оқу орнының атауы «Талдықорған қаласының қазақ – түрік жасөспірімдер лицей-интернаты» мемлекеттік  коммуналдық мекемесі болып өзгертілді.

ЛИЦЕЙДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

-Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Алғыс хаты 2006 ж;

-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев лицей ұжымын 2009 жылғы ҰБТ нәтижесінде мектеп бітірушілерін орташа балы жоғары болған 100 мектеп қатарына қосылылуымен жолдаған құттықтау хаты. 2009 ж;

-Білім жеңісіндегі щығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан зор үлесі үшін лицей ұжымына берілген Талдықорған қала әкімінің  Алғыс хаты. 2011 ж;

-Тәуелсіздігімізге тарту болар тағылымды табыстарымен ҚР оқу-ағарту саласына елеулі үлес қосқан “Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицейі” мемлекеттік мекемесінің ұжымына жастарға жақсы білім берумен қатар өнегелі тәрбие беріп жатқаныныа ризашылдығын білдірген “КАТЕV” Халықаралық қоғамдық қорының президенті Мехмет Месут Атаның Алғыс хаты. 2013 ж;

-Лицейдің 20 жылдық мерейтойына жіберілген  SDU құттықтау хаты. 2013 ж;

-Лицейдің 20 жылдық мерей тойына жіберілген Қала әкімінің  құттықтау хаты. 2013 ж;

-Лицейдің 20 жылдық мерей тойына жіберілген Талдықорған қалалақ білім бөлімінің құттықтау хаты. 2013 ж;

-Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында өткізілетін, “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасын ұйымдастырып ана тіліміздің мәртебесімен маңызын арттыруға қосқан үлесі үшін Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаты. 2013 ж;

-Лицейдің 20 жылдық мерей тойына жіберілген Алматы облысы  білім саласындағы бақылау департаментінің құттықтау хаты. 2013 ж;

-DREAM CITY фестивалі аясында  “FAIR PLAY   в спорте, FAIR PLAY  в жизни” ұранымен өткен “Былғары доп -2014” шағын футбол жарысында жүлделі І орынға ие болған лицей командасы марапатталды. 2014 ж;

-2014 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде көрсеткен жоғары жетістіктері үшін лицей -интернатының ұжымына берілген Талдықорған қаласының әкімі Е.Алпысовтың Алғыс хаты. 2014 ж.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

ОБЛЫСТЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ:  45- АЛТЫН, 75-КҮМІС, 101- ҚОЛА;

ОБЛЫСТЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 7-АЛТЫН, 15-КҮМІС, 17- ҚОЛА;

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 7-АЛТЫН, 13-КҮМІС, 17-ҚОЛА;

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ:  1-ҚОЛА;

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ: 5-АЛТЫН, 8-КҮМІС,  6-ҚОЛА;

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ:  6-АЛТЫН,  8-КҮМІС,  26-ҚОЛА.

БАРЛЫҒЫ: 357

МЕКЕНЖАЙЫ:

Талдықорған қаласы, 7 ш/а, 3 үй тел: (7282) 22-26-69, факс: (7282) 22-16-57  taldykktl@gmail.com

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған