brazil7Астана қаласы Білім басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей -интернаты»  мемлекеттік мекемесі

Түрік Республикасының «Шелале-егитим ве тижарет» фирмасының келісім-шарты бойынша 1994 жылы қыркүйек айында Ақмола қаласында ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты ашылды. Лицейдің ішкі Жарғысы, тәртіп ережесі және жүргізілетін оқу жоспары мен бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің  Жалпы орта білім оқу-әдістемелік Бас басқармасында қаралып бекітілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» 24.05.1996 ж. №3002  Өкіміне сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының жүйесін құру туралы» 05.03.2004 ж.

№ 187 бұйрығын орындау мақсатында Астана қаласының әкімдігінің  12.12.2003 ж. № 3-1-2412 қаулысымен лицейге  «Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік  лицей-интернаты» мемлекеттік мекемесі атауы беріліп, ұйымның Жарғысы 30.09.2008ж.  Астана қаласының Әділет  департаментінде тіркелді.

Лицейдің  жетістіктері:

С.Демирел атындағы университетінің  Алғыс хаты, 2007

Ауыспалы кубок сертификаты,  2009

Астана қаласы әкімінің  Алғыс хаты , 2009

ҚР Білім және ғылым министрінің  Алғыс хаты, 2009

Лучшая олимпийская школа , 2009

Астана қаласының  Білім басқармасының  Алғыс хаты, 2010

Астана қаласының әкімінің  І дәрежелі дипломы, 2010

Лучшая олимпийская школа, 2010

Назарбаев университеті Алғыс хаты, 2011

ҮІІ қысқы Азия ойындары, сертификат, 2011

Ең үздік олимпиадалық команда, Астана Білім басқармасы грамотасы, 2011

Ең үздік олимпиадалық команда, Астана Білім басқармасы грамотасы,2012

Ең үздік олимпиадалық команда, Астана Білім басқармасы грамотасы,2013

Ең үздік олимпиадалық команда, Астана Білім басқармасы грамотасы,2014

Ең үздік олимпиадалық мектеп-2014, БжҒМ грамотасы

Жәутіков олимпиадасындағы ең үздік команда-2014, БжҒМ дипломы

ҚР қазақ-түрік лицейлерінің арасында І орын, 2013.

 

Соңғы 4 жылдағы оқушылардың қалалық, республикалық, халықаралық дәрежедегі олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың қорытындысы

 

ҚАЛАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ:  187-оқушы жүлдегер;

ҚАЛАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 95- оқушы жүлдегер;

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ: 8-алтын, 23-күміс, 41- қола;

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ: 3-алтын,  13-күміс,  15-қола;

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫ: 28-алтын, 27-күміс, 22-қола;

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖАРЫСЫ:  41-алтын,  34-күміс,  29-қола.

ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ САНЫ: 566

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы.,   Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 59  индекс 010000

 

Телефоны:  8 (7172) 50 17 22, факс  8 ( 7172) 50 17 21;

E-mail:  ktlastana@gmail.com

 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған