YIPC (жас жасампаздардың жоба жарысы жарысы) Қазақстандығы  орта мектеп оқушыларына арналған  бірегей жоба сайысы.

YIPC сайысы  – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы аясында жас жасампаздардың алған білімін өз бетінше зерделеп, түрлі жоба дайындауда технологиялар мен инновациялардағы  жаңалықтарды қолдану арқылы еліміздің жарқын болашағын нығайту және көркейту жолындағы өміршең жоба.

Жобаның   мақсаты:  
-Оқушылардың өздігінен білім алуға, интеллектуалдық ойын дамытуға, еңбек ету қабілеттерін жетілдіруге, пәнаралық байланысты арттыра отырып, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге, ізденуге, өз ойын ашық айтуға дағдыландыру, тапқырлыққа және білімділікке тәрбиелеу.
– Оқушылардың  жобалау  іс- әрекетінде  зерттеушілік  жұмыстарының  жандануына  ықпал  ету  және  құзыреттілігін  дамуына  жағдай  жасау.

-Әлеуметтік- қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған түрлі жобалар дайындау арқылы  еліміздің болашағын нығайту және көркейтуге үлес қосу.

Еліміздегі әйгілі ғалымдар, профессорлар, түрлі салада жұмыс атқарып жүрген көшбасшыларды арнайы шақыру арқылы жас жасампаздардың жұмыстарын бағалаумен қатар, олардың болашағына жол ашып беру жолдары қарастырылады.

Сайыс бағыттары:

  1. Баламалы энергия көздері

тұрақты энергия қуатын дайындау инженериясы (Стенд материалдары және презентациялар ағылшын тілінде).

  1. Жаратылыстану бағыты

– математика;

-информатика;

-химия;

-биология;

-физика;

-экономика.

(Стенд материалдары және презентациялар ағылшын тілінде).

 

  1. Гуманитарлық бағыт

-тарих;

-қазақ тілі;

-ағылшын тілі;

-орыс тілі;

-түрік тілі;

-құқық және қоғам;

-география;

-өзін-өзі тану.

(Стенд материалдары және презентациялар  өз тілінде ).

 

  1. Әлеуметтік-қоғамдық мәселелер

Қазақстандағы немесе өз ауданындағы, облыстағы,  қаладағы аймақтық  әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жобалар;

-жобалар қалаған тілде зерттеледі (қазақ тілі, ағылшын).

 

Жас жасампаздар жоба жарысына қойылатын талаптар мен ережелер

  1. YIPC жарысына барша 7-11 сынып оқушылары қатыса алады.
  2. Сайыскерлер осы оқу жылынды зерттеп аяқтаған 1 жобамен қатысуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.
  3. Жобаны ұсынушы командалық топта 2 оқушы және 1 жетекші болуы шарт. Белгіленген қатысушылар санынан  артық келу шектеледі.
  4. Ұйымдастырушы комитет таңдаған жоба ғана ақтық бәсекеге (финалға) жолдама алады.
  5. Қатысушылардың жобаларын қорғауға қойылатын талаптар:

 

Стендттің өлшемі:120×80 см. Стенд стөлінің өлшемі: 120×52 см.

 

  1. Қатысушылардың стендттеріне көрме залынан арнайы орын беріледі. Байқауға өз зерттеу жұмыс жобасын қорғайтын кезде қатысушылардың көрнекі-құралдары, баннерлері, сызбалары, суреттері не макеттері, сондай-ақ, дайындалған мәтіні болуы керек.
  2. Жарысқа қатысқан барша оқушыларға YIPC-дің арнайы сертификаты беріледі.

 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған