“KATEV” Халықаралық қоғамдық қоры мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында мектеп оқушыларының арасында республикалық “Жарқын болашақ” қазақ тілі олипиадасын 2008 жылдан бастап, дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Жыл сайын өтетін олипиадаға республикамыздың түкпір-түкпірінен аудандық және облыстық кезеңге қатысқан 5000-ға жуық оқушының ішінен іріктеліп шыққан ең білімді оқушылар финалда өз білімін ортаға салады.

“Жарқын болашақ” республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасы 5 бағыттан тұрады. Олимпиадада қазақ тілі грамматикасы, қазақ әдебиеті, мәнерлеп оқу, қазақ әндерін орындау, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау және қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қатысты түрлі ғылыми жобалар қорғау секілді бағыттар қамтылған.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған